2014 жылғы 14 қараша, Астана қаласы
Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 51) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) ресми жарияланған кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Есентаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.МҰХАМЕДИҰЛЫ.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 14 қарашадағы №97 бұйрығымен бекітілген
Спорт түрлері бойынша пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерi
1. Спорттық жылқылардың күндік рационы
Р/с № Рацион атауы Азықтандыру нормативі
Айғырға (500-550 келі) Биеге (500-550 келі)
1 Әртүрлі шөп 10 келі 10 келі
2 Сұлы 3 келі 3 келі
3 Арпа 1,5 келі 1 келі
4 Бидай жармасы 1 келі 1 келі
5 Күнбағыс күнжарасы 1 келі 1 келі
6 Жүгері 2 келі 2 келі
7 Сәбіз 3 келі -
8 Жұмыртқа 5 келі -
9 Алғы қоспа 0,5 келі 0,5 келі
10 Тұз 33 грамм 33 грамм
2. Аң-құстардың күндік рационы
1 Ет Жазғы мерзімде Қысқы мерзімде
0,2 келі ден 0,5 келіге дейін 0,5 келі ден 1 келіге дейін
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9992 болып енгізілді.